Ашық есік күндері

Онкологиялық аурулармен күреске арналған кешенді жоспардың аясында Атырау облысы онкология диспансерінде Ашық есік күндері өтеді. 17 қыркүйек күні сағат 09.00-13.00 аралығында диспансердің емхана бөлімінде онкогинекологтар қабылдау жүргізеді. Гинекологиялық аурулар мен гемобластоза, сондай-ақ жатыр мойны қатерлі ісігін алдын алу, ерте диагностика, цитологиялық скрининг, АПВ (ВПЧ — вирус папилломы человека) екпесі туралы ақпараттандыру мақсатында өткізілетін шараға белсенді қатысуға шақырамыз. Құрметті тұрғындар! Өз денсаулығыңызды қазірден қадағалап, қатерлі аурулардың алдын алыңыз. Ашық есік күні өтетін тегін қабылдауға келіп, күмәніңізді сейілтіңіз немесе кейін сан соқтыратын қатерді болдырмаңыз! Ауруды алдын алған оңай. Қатерлі ісік — өмірге «балта шапқан» шешім емес. Ерте кезде анықтаса, айығу абзал..!