Жаңалықтар

Атырау облыстық онкология диспансерінде 2019 жылғы 30 наурызда тоқ ішек обыры, оның даму қауіп факторлары, оның ерте диагностикасы және колоректалды обыр скринингі туралы хабардар болуы бойынша Ашық есік күні өткізілді. Барлық келген тұрғындарды жолдамасыз дәрігер-онкологтардан тегін кеңес алып қаралды.

2019 жылдың 5 сәуірінде Атырау облыстық онкология диспансерінде қызметкерлер арасында «Денсаулық баршағы» аясында флешмоб ұйымдастырылды.

2019 жылдың мамыр айының 03 жұлдызында ШЖҚ КМК «Атырау облыстық онкология диспансерінде» «Денсаулық сақтау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» тақырыбында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінің штаб басшысы Төлешов Рафаэль Салешұлы, Атырау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі бас маманы Аманиязова Айдана Талгатқызы, «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Балашева Айдана Русланқызы, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Қуанышев Сайын Сәлімгерейұлының қатысуларымен жиналыс өткізілді.

Атырау облыстық онкологиялық диспансерінде 12 мамырда атап өтілетін Халықаралық мейірбикелер күніне арналған іс-шаралар, Үздік медбике атағына конкурс өтті.

Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруға сәйкес 20-27 мамыр аралығында Атырау облыстық онкологиялық диспансерінің дәрігер – онкологтары: меланома мен тері обырының, сондай-ақ қатерлі ісік алды патологияның алдын алу және ерте диагностикалау мәселелері бойынша пациенттерге тегін кеңес береді.