МӘМС енгізу есебінен әрбір азамат үшін қымбат тұратын медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Атырау облысы онкология диспансері КТ, МРТ, ПЭТ зерттеулерді ұсынады. Диспансерлік есепте тұрмаған, онкоауруға күмәнді деп танылған науқастар екі клиника OREON және INVIVO-дан (мемлекеттік келісімшарт негізінде) тегін КТ, МРТ тексерісінен өте алады. Сондай-ақ диспансерлік есепте тұрған емделушілер МРТ, КТ, ПЭТ КТ зерттеулерін тегін пайдаланады. Дәрігер жолдамасы негізінде әрбір тұрғын денсаулығын толық тексертуге және ем қабылдауға құқылы.