- 24.05.2019
- Category: Жаңалықтар
Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруға сәйкес 20-27 мамыр аралығында Атырау облыстық онкологиялық диспансерінің дәрігер – онкологтары: меланома мен тері обырының, сондай-ақ қатерлі ісік алды патологияның алдын алу және ерте диагностикалау мәселелері бойынша пациенттерге тегін кеңес береді.
2019 жылдың 25 мамыры күні сағат 9.00 — ден 13.00-ге дейін Атырау облыстық онкологиялық диспенсердің емханалық бөлімінде «Ашық есік күні» өтеді.
Біздің мекен-жайымыз: «Атырау облыстық онкологиялық диспансері» ШЖҚ КМК Атырау қаласы, Владимирский көшесі, 2.
Анықтама телефоны: 28-33-24
Кеңес алуға қош келдіңіз!