Атырау облыстық онкологиялық диспансері 1973 жылдан бастап жұмыс істейді. 2012 жылғы наурыздан бастап шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.

Облыстық онкологиялық диспансер дербес мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымы болып табылады, оның міндеттері облыс халқына консультациялық-емханалық, емдеу, профилактикалық және онкологиялық көмек көрсету болып табылады.

 

Диспансер қызметінің негізгі функциясы:

 

  1. Атырау облысының тұрғындарына онкологиялық аурулармен ауыратын науқастармен жұмыс істеуде диспансерлік қағидаттарды сақтай отырып, тиімді медициналық технологияларды қолдана отырып, амбулаториялық және стационарлық жағдайларда мамандандырылған консультациялық - диагностикалық және емдеу - профилактикалық онкологиялық көмек көрсету.
  2. Онкологиялық қызметтің барлық түрлерінің мақсатты бағдарламаларын әзірлеу және жоспарлау.
  3. Онкологиялық аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу, ұйымдастыру жұмыстарының заманауи технологияларын практикаға енгізу.
  4. Ұйым СӨС қалыптастыру проблемалары орталығымен бірлесіп онкологиялық аурудың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізеді.
  5. Диспансердің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша симпозиумдар, семинарлар, көрмелер ұйымдастырады және өткізеді.
  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде белгілі бір аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттар

    02.06.2021 "Добавить комментарий
    Толығырақ  
  • ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

    12.05.2021 "Добавить комментарий

    МӘМС енгізу есебінен әрбір азамат үшін қымбат тұратын медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Атырау облысы онкология диспансері КТ, МРТ, ПЭТ...

    Толығырақ