Мен, Сапарова Эльмира Карифуллақызы, 1978 жылдың 13 маусымында Атырау қаласы Бірлік поселкесінде дүниеге келдім. Әкем-Сапаров Карифулла 1938 жылдың 01 қаңтарында, анам-Мусина Нина 1947 жылдың 05 маусымында дүниеге келген. Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар демекші 11 ағайынды болып өстік. 4-ағам, 3 әпкем, 1 інім, 2 сіңілім бар.
1985 жылы Геолог орта мектебінің табалдырығын аттап, 1992 жылы «Үздекпен» тәмәмдадым.
1992-1995 жж.аралығында Атырау облыстық Ұлттық гимназиясының химия-биология факультетінде дәріс алдым.
1994 жылы 10 сыныпта оқып жүрген кезімде кенже сіңілім 9 жасында «Аналық безінің қатерлі ісігі» диагнозымен өмірден өтті. Сол кезден бастап «Онколог» мамандығын терең зерттеуіме, мықты маман иесі болуыма себепші болған сол оқиға.
Арман қуып 1995 жылы Қырғыз Мемлекеттік Медициналық Университетінің емдеу бөлімінің студенті атандым.
2001 жылы бітіріп диплом алған соң, сол университеттің онкология кафедрасына клиникалық ординатураға түсіп, 2003 жылы екінші дипломымды алдым. Жүрегім қалаған мамандықтың иесі атанып, дипломмен ауылға келдім.
2003 жылдың қазіргі уақытқа кейін Атырау облыстық онкология диспансерінде дәрігер онкогинеколог мамандығымен еңбек етіп келемін.
2004-2018 жж.аралығында «Кәсіподақ» ұйымының төрайымы қызметін атқардым.
2009 жылы 1 санатты, 2014 ж.-Жоғарғы санатты дәрігер атандым.
2016-2017 жж.»Емхана» бөлімінің меңгерушісі болдым.
2017 ж. «Медицина саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталдым.
2018 жылы Директордың орынбасары лауазымына тағайындалдым.
2019 жылдан бастап Директордың міндетін атқарушы қызметіндемін.
Тұрмыстамын. Қазіргі таңда 2 қыз 1 ұл тәрбиелеп отырмыз.