- 24.05.2019
- Category: Жаңалықтар
2019 жылдың мамыр айының 03 жұлдызында ШЖҚ КМК «Атырау облыстық онкология диспансерінде» «Денсаулық сақтау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» тақырыбында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінің штаб басшысы Төлешов Рафаэль Салешұлы, Атырау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі бас маманы Аманиязова Айдана Талгатқызы, «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Балашева Айдана Русланқызы, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Қуанышев Сайын Сәлімгерейұлының қатысуларымен жиналыс өткізілді.
Жиналысқа ШЖҚ КМК «Атырау облыстық онкология диспансерінің» Директоры: Оразалин Батыр Жаксылыкович және барлық қызметкерлер қатысты. Жиналыста-Төлешов Рафаэль Салешұлы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінің штаб басшысы, Аманиязова Айдана Табылдықызы: ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы, Балашева Айдана Русланқызы : «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, Қуанышев Сайын Сәлімгерейұлы: «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы сөз сөйлеп, слайд көрсетілді. Дәрігерлер арасында отансүйгіштік, адалдыққа шақыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы елдің жарқын болашағы негізі екендігін жеткізу мақсатында семинар өткізіледі.