Бүйректің қатерлі ісігімен халықаралық күресу күні

17 маусымда бүйректің қатерлі ісігімен халықаралық күресу күні аталады. Бұл онкоурологиялық аурулардың ішінде ерекше орын алады. Бүйрек-жасушалы обыр (почечно-клеточный рак- ПКР) онкологиялық аурулардың 2% алады.

Қазақстанда аурушаңдық қатарында бұл дерт 8-ші орында. Жыл сайын 1200 жаңа жағдай тіркеліп, ал өлім көрсеткіші 300-ді көрсетіп отыр.

Бүйректің қатерлі ісігінің дамуына шылым шегу (темекі шегушілердің арасында қауіптілік 30-60%-ға артады), семіздік (аталған ісікпен аурудың жиілігі 20%-ға артады), қант диабеті, артериалды гипертензия және несеп айдайтын препаратты ұзақ мерзімде пайдалану әсер етеді.

Бүйрек обырының ерекше белгілері жоқ, ол басқа аурулардың көрінуіне себепші болады. Ауру алғашқы кезеңде ісік кішкентай болғандықтан аса білінбеуі мүмкін, сондықтан да көп жағдайда ауруды өткізіп келеді. Ісік өсіп, басқа мүшелерді бауыр, өкпе, сүйек немесе лимфа түйіндерін зақымдайды. Іштің және арқаның тартып ауыруы, несепте қанның көрінуі, іште көлемді ісіктің пайда болуы, тез шаршау, тәбеттің жоғалуы және қаназдық дәрігерге тез арада қаралуды қажет етеді.

Науқастардың 20-30%-да қатерлі ауру кеш анықталады, ал ерте анықталғандардың 30%-да рецидив, метастаза көрініс табады. Медициналық бақылау ісікті ерте анықтауға мүмкіндік береді және емдеудің оң нәтижесін көрсетеді. Алаңдайтын белгілер не шағым пайда болса, урологтың қабылдауында болып, кеңес алған жөн.